Серік Айдарбеков – Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті активке жаңа орынбасарын таныстырды.
Серік Айдарбеков 1975 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1999 жылы Милан қаласындағы Э.Маттей атындағы жоғары мектепті, 2004 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университетін аяқтаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарлығына тағайындалғанға дейін Серік Айдарбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының басшысы қызметін атқарды.