Стационарларда 59 науқас жатыр
Атырау облысында коронавирустан 59 адам емделіп жатыр,. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
⠀
Қазіргі уақытта №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында Сovid-19 жұқпасымен 26 науқас ем алуда. Үш пациент аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олар 40 пен 65 жас аралығындағылар.
⠀
Ал Теңіз кенішіндегі аурухананың инфекциялық стационарында 33 науқас ем қабылдауда. Аудандардағы инфекциялық стационарларда емделіп жатқан науқастар жоқ.
Науқастардың 38-інде дәлелді ковид жұқпасы болса, 21 науқасқа короновирусты пневмония диагнозы қойылған.