Облыс әкімі отставкаға кетуге дайын
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Аса ірі көлемде пара алды» деген күдікпен ұсталған бұрыңғы орынбасары Нұрлан Таубаевтың қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
– Заң бәрімізге ортақ. Егер тергеу жұмыстары аяқталып, сот оны кінәлі деп таныса, мен заң бойынша отставкаға кетуге дайынмын. Отставкамды қабылдай ма, қабылдамай ма – оны президент шешеді, – деді Махамбет Досмұхамбетов.