Қағаз өндіру көлемі артты
Елімізде 2020 жылдың қаңтар – шілде айларында қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есеге артып, 48,3 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Energyprom.kz порталы хабарлады.
Былтырға арналған өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,7%-ға жетті. Бір жыл бұрын – 99,1% болған.
Өткен жылдың қаңтар – шілде айымен салыстырғанда әсіресе әжетхана қағазы өндірісі 26,5%-ға, 23,3 мың тоннаға артты. Сонымен қатар, гофрленген қағаздан немесе картоннан жасалған қораптар, жәшік пен сөмкелер өндірісі 20,2%-ға, 61,7 мың тоннаға ұлғайған.