Қазақстанда көп сатылған көлік брендтері
2020 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 51 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады.
Аталған кезеңде ресми дилерлер 51 732 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,1 пайызға жоғары. Биылғы сегіз айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 468,3 млрд. теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 15,7 пайызға артық болды.
Көлік сатып алушы 36 274 адам отандық зауыттардың өнімін таңдаса, 15 458 автомобиль импортқа тиесілі. Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (11 359), Hyundai (9 727), Toyota (6 754) , Ravon (5 929) және KIA (4 282) көліктері көш бастады. Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған алғашқы ондықта – Chevrolet, GAZ, Renault, Volkswagen және Nissan бар.