Балаға көз салған күдікті ұсталды
Атырауда балаға тиіспекші болған күдікті ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
6-тамыз сағат 19:45 шамасында Көктем ықшамауданындағы азық-түлік дүкені қасында ішімдік ішкен ер адам кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған.
Хабар алған бойда оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамауға алынды. Қазір ҚР ҚК-нің 121-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.