Өрттен 5 адам қаза тапты
Степногорскіде саяжайдан өрт шығып, бес адам қаза тапты. Қаза тапқандардың ішінде бес жасар бала бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше шамамен сағат түнгі 1-де болған.
ТЖД хабарлауынша, өрт саяжай құрылысын және таяу маңдағы моншаны шарпыған. Қызыл жалынның аумағы 28 шаршы метрге жуық көлемді қамтыған. Оқиға орнынан 1955, 1976, 2013 және 2015 жылғы және жеке басы белгісіз тағы бір адамның мәйіті табылды.
Өрт сағат 03.10-да толықтай сөндірілген. Оқиға орнына сынақ өрт зертханасы жіберілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.