Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында — жаңа басшы
Облыс әкімінің өкімімен Сәлімбаев Азамат Серікболұлы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Азамат Сәлімбаев 1985 жылы 20 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданында дүниеге келген.
2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Еңбек жолын 2007 жылы 31 шілдеде Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған.
2008—2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіпті дамыту басқармасында эксперт;
2010—2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жоспарлау департаментінің бас эксперті;
2013—2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өнеркәсіп саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаментінің бас эксперті;
2014 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, өнеркәсіп және жанармай-энергетика кешені саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау басқармасының басшысы;
2014—2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, өнеркәсіп және жанармай-энергетика кешенінің бюджеті басқармасының басшысы;
2019 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, жанармай-энергетика кешенінің бюджеті және экономикалық қызметті дамыту басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің құрмет грамотасын алған.