Алты адаммен байланыс жасағандар анықталды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеме таратты: 

Ресми:

Короновирус жұқтырған Атыраудағы 6 адаммен байланыс жасаған 109 адам анықталып, оқшауланды.

Барлығы анализ тапсырып, 67 адамнан ауру белгісі шықпады. Ал қалған 42 адамның нәтижесі жуық арада нақтыланбақ.

Жергілікті билік тұрғындарды жеке гигиенаға мән беріп, адам көп шоғырланған жерлерге барудан бас тартуға шақырады.

Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі