Құлсарыда – жаңа әкім
Бүгін Атырау облысы, Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жантөре Рашев Құлсары қаласының әкімі етіп Ысмағұл Ернар Құтқожаұлын тағайындады.
Е.Ысмағұл 1984 жылы 7 қазанда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу поселкесінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген.
Еңбек өтілі:
2002-2006 жылдары жетекші маман, Жылыой аудандық соты, 2007-2009 жылдары Жылыой аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2009-2012 жылдары Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, 2014 жылы «Жылыой-Тазалық» ЖШС-нің мамандар бөлімінің бастығы, 2016-2017 жылдары Жылыой ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас маманы, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жылыой ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының қызметін атқарды.
Жанұялы, 3 баласы бар.