Жаңалықтар
Жылыойда «Болашақ К» қоғамдық қорының дәрігерлері балаларды тегін тексеріп, кеңестерін берді
Жылыой аудандық емханасында «ерте араласу» бағдарламасы бойынша «Болашақ К» қоғамдық қорының мамандары 3 жасқа дейінгі балаларды тегін қарап, тексерулер жүргізіп, кеңестерін берді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып. Тегін тексерісті 25-27 қыркүйек аралығында невролог пен реабилитолог дәрігерлер жүргізуде. Олардың қатарында «Болашақ К» оңалту орталығының жетекші мамандары да…
Толығырақ »«Бизнеске жол» жобасы аясында 853 кәсіпкердің құқығы қорғалған
«Бизнеске жол» жобасы басталғаннан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне кәсіпкерлік субъектілерінен 64 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 22 өтініш бойынша мәселелер оңынан шешіліп, 1 өтініш кері қайтарылған. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 15 өтінішке жазбаша түсініктеме берілсе, қалған 26 өтініш қаралу үстінде. Бұл туралы аталған…
Толығырақ »Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының лауазымына Әлібек Максимұлы Мұханбеталиев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев таныстырып, абыройлы қызмет тіледі. Әлібек Мұханбеталиев 1984 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ…
Толығырақ »Заңсыз балық аулаған 2 тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Атырауда заңсыз балық аулаған екі тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлады, дейді “Батыс-Инфо» Инспекция мамандары Каспий теңізінің Атырау облысы аумағындағы «Жаркөсе» учаскесінде екі тұрғынды ұстап, олардан 95 келіден астам қара балық тәркілеген. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын…
Толығырақ »Тарихшы, профессор Жиенбай Бақидың құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Атырауда тарих ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор Жиенбай Бақидың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Тақта «Құлагер-Жайық» көпқабатты тұрғын үй кешенінің қабырғасына ілінді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» Жиенбай Бақи 2012 жылдан бастап өмірінің соңына дейін осы үйде тұрған. Салтанатты іс-шараға марқұмның ағайын-тумасы, Халел Досмұхамедов атындағы университетте кезінде бірге еңбек еткен әріптестері мен шәкірттері жиналып,…
Толығырақ »Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Асан Қуанышұлы Жүсіпов 1973 жылы 10 ақпанда Көкшетау облысында туған. Мотоатқыштар взводы, ротасы,…
Толығырақ »2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап саусақ ізін тапсыру міндеттеледі
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады. Дактилоскопиялық тіркеудің міндетті болатынын Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев айтты, деп хабарлайды “Батыс-Инфо” ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. «Дактилоскопиялық тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат…
Толығырақ »Өзбекстанда кісі өлтіріп, қашып жүрген күдікті Астанадан ұсталды
Елордалық полицейлер жедел алдын алу шарасы барысында қылмыскерді анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осылайша, елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын құрықтады. Ол 2019 жылы Наманган облысында кісі өлтіргені үшін іздеуде болған және қылмыс жасағаннан кейін Қазақстан аумағына өтіп, жасырынған. Ер адам Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына…
Толығырақ »Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі өкілді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық…
Толығырақ »Украина қарулы күштері қарсы шабуылды үдетті
Украина қарулы күштерінің Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Қара теңіз флоты бас штабына жасаған шабуылынан соң арада бір күн өтпей жатып тағы да жарылыстар болды. Басқыншылардың қолына өткен Севастополь қаласының басшысы Михаил Развожаевтың айтуынша, қалаға атылған зымырандардың беті оңай қайтарылған. Ал Украина қорғаныс министрлігіне қарасты барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов жұма…
Толығырақ »