Қазақстан мұнай өндіруді уақытша қысқартуға келісті
Кеше JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы мен бейнеконференция форматында ОПЕК+ ұйымына мүше елдердің 36-шы министрлік кездесуі өтті. Оған Қазақстан атынан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Отырыста осы жылғы қыркүйек–қазан айларында мүше елдердің келісімі бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды. Нәтижесінде, Қазақстан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін ОПЕК+ ұйымына мүше басқа мемлекеттермен бірге мұнай өндіруді тәулігіне қосымша 82 мың баррельге дейін ерікті түрде қысқартуға келісті.
Осылайша, Қазақстан алдағы жылдың 1-інші сәуіріне дейін тәулігіне 1 468 мың баррель мұнай өндіретін болды. Бұл еліміздің биыл сәуір айында қабылдаған келесі жылдың соңына дейін тәулігіне 78 мың баррельді аз өндіру келісіміне қосымша шешім болмақ.
Кейін нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында бұл қосымша қысқартылған көлемдер әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты біртіндеп қалпына келтіріледі.
Нақтырақ айтқанда, бұл шешімдер мұнай нарығының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге бағытталған.