Атырауда “ABAY GYLYM FEST” ауқымды ғылыми фестивалі өтеді
Атырауда 25 қараша күні Абай орталығында “ABAY Gylym FEST” отбасылық-ғылыми фестивалі өтеді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, іс-шара еліміздің ғылыми, сараптамалық және креативті қоғамдастығын біріктіре отырып, ата-аналар мен мектеп оқушыларына жетекші сарапшылармен, ғалымдармен және ғылым саласындағы көшбасшыларымен кездесуге, сондай-ақ STEAM (Science, Technology, Engineering Mathematics and Art) саласында құнды білім алуға мүмкіндік бермек.
Фестиваль аясында түрлі тегін білім беру бағдарламалары, робототехника бойынша жарыстар, білім беру жобаларының көрмелері өтеді. Сондай-ақ Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері көпшілік алдында құнды тәжірибелерімен бөлісіп, фестиваль ағартушылық бағыттағы үлкен алаңға айналады деп күтілуде.
– Іс-шараны «Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту жөніндегі бастамасы» жобасы аясында Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ұйымдастырып отыр. Фестиваль аясында ата-аналар мен балаларды, мектеп басшыларын, сарапшылар мен білім беру жүйесіндегі көшбасшыларды қоса алғанда, әртүрлі тақырыптар мен аудиторияларды қамтитын 10 секция жұмыс істейді, – деді JasSpace кеңістігінің жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.
Фестивальде өз тәжірибесімен бөлісетін көрнекті спикерлер қатарында Forbes Kazakhstan «30-дан 30-ға дейін» рейтингінің қатысушысы Ұлан Үсенов, «Орталық Азияның үздік педагогы» сыйлығының жеңімпазы Рүстем Ермеков, YEMAA мультидисциплинарлық кеңістігінің негізін қалаушы Әсел Ахметжанова бар.
Сондай-ақ, Салтанат Ноғайбаланова фестивальге кез-келген қызығушылық танытқан адам тегін қатыса алатынын айтты.