«Бекіре-2023»: 100 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді
Атырау облысы аумағында 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында 17 қазан күні Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз сатып, тасымалдаған Дамбы ауылының 1975 ж.т. тұрғынын анықтады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 96,3 кг. құрайтын 27 бекіре тұқымдас балығы тәркіленген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Дереккөз: БАТЫС.ИНФО