Құсайынова Нұрай Қазақстан чемпионы атанды
8 наурыз күні Талдықорған қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Екі күнгі жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Әйелдер арасында 67 келі салмақта Құсайынова Нұрай жарыс жеңімпазы атанды. 49 келіде Бауыржанова Нұрай ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.
46 келіде Еділбаева Айдана, 73 келіде Айгүл Елубай мен Хайруллина Жадыра қола жүлдеге ие болса, ерлер арасында тағы бір қоланы 58 келіде Қайрғалиев Али жеңіп алды.