Жыл басынан бері 2,4 мыңнан астам қандас Отанына оралды
2021 жылдың басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінще, 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн. 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түрікменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден қоныс аударған.
1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі – 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 24,3% және зейнеткерлер – 17,3%.