Атырау–Орал тасжолында тағы 4 адам қаза тапты
Атырау–Орал тасжолындағы жол апатынан тағы 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция ақпаратына сәйкес, 26 ақпан сағат 3:29 шамасында Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде екі көлік соқтығысқан.
Соның салдарынан екі көлік ішінде отырған 4 адам қаза тапты. Тағы 6 адам Тайпақ ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Айта кетсек, 22 ақпанда Орал–Атырау тасжолында жол апаты болып, алты адам оқиға орнында қайтыс болған еді. Бір адам ауруханаға жеткізілген.