Атырау – Құрманғазы бағытына эксперименталды поезд жолға шықты
Облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтің айтуынша, 2021 жылғы 17 ақпан күні сағат 17.15-те Атырау–Исатай–Құрманғазы бағытында эксперименталды поезд жолға шыққан.
Құрамында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚТЖ ҰК АҚ-ның жауапты мамандары бар. Мақсаты — темір жол қатынасының тиімділігін зерделеу, жол ұзақтығы мен темір жол қозғалысы көрсеткіштерін анықтау. Сапар қорытындысы анықталған соң, оны негізге ала отырып облысішілік поездың тұрақты қатынау мәселесін қарастыру жоспарланып отыр.