«Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры пайдалануға беріледі
Биыл мұнай өнімдерін биржалық саудаға кезең-кезеңмен шығару жоспарланып отыр. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.
– 2021 жылы отын-энергетика кешені көрсеткіштеріне қол жеткізу келесі жобалар мен бастамалар арқылы қамтамасыз етіледі. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасында газды кері айдау 4-ші компрессорының жобасы аяқталуда. Бұл өз кезегінде сұйық өнімді өндіруді жылына 11–12 млн. тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді, – деді министр.
Оның айтуынша, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты мұнаймен қамтамасыз етуге бағытталған, өткізу мүмкіншілігі жылына 6 млн. тоннаға дейін болатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсі пайдалануға беріледі.