Былтыр 77 көшеге автокөлік жолдары салынды
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты.
⠀
– 2020 жылы жалпы ұзындығы 49,5 шақырым болатын 77 көшеге автокөлік жолдары салынды. Оның ішінде Жаңаталап ауылындағы автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
2021 жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елдімекендердегі жалпы ұзындығы 211 шақырым 145 көшесіне автокөлік жолдарының құрылысы жоспарлануда.
Және жол кептелісін болдырмау мақсатында 11 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары басталып, 2020 жылы жоспардағы 11 көшенің 5 көшесіне: Ғабдиев, Амандосов, Құрманғазы, Уәлиханов және Ғұмаров көшелеріне жалпы ұзындығы 12,3 шақырым қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы жалпы ұзындығы 5,6 шақырым (Әуэзов көшесі жалпы ұзындығы – 2,84 км., Канцев көшесі жалпы ұзындығы – 1,26 км., Балықшы ауданынан Зарослый ауылына дейін, шамамен жалпы ұзындығы – 1,5 км.) автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлануда, – деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.