Үйінен 106 киік мүйізі табылды
Атыраулық полицейлер ауыл тұрғынның үйінен заңсыз сақталған 106 киік мүйізін тәркіледі.
Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде 106 киік мүйізі, 2 тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қаруын заңсыз сақтаған.
Тексеру барысында полицейлер аталған азаматтың түнгі уақытта «Yaqi» мотокөлігімен тыйым салынған киік жануарларын аңшылық қаруымен атып, мүйіздерін заңсыз иемденіп келгендігі анықталды.
Сондай-ақ, Балқұдық ауылының маңынан мүйіздері кесілген күйдегі киік жануарының төрт өлік денесі табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігі бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.