Сovid-19: +70; -71
Атырау облысында өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың алтауы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 61 жұмысшы, Жылыойдан 1, Құрманғазы ауданынан 2 адам тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 15 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше өңірде коронавирус инфекциясынан 71 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 397 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 82 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 30 адам емделуде.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы әлі де «қызыл аймақта».