Әлем - 09.01.2021

Өзбекстанда насыбайға тыйым салынуы мүмкін

Өзбекстанның алкоголь мен табак нарығын реттеу және шарап өндірісін дамыту жөніндегі агенттігі үкіметке насыбайға тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Бұл туралы centralasian.org хабарлады.

Өзбекстанның Денсаулық министрлігі елде кеңінен тараған насыбай халықтың денсаулығы мен экономикаға зиян келтіреді деп есептейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Өзбекстанда 13–15 жастар арасында насыбай тұтыну деңгейі өте жоғары – 6 пайыз. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда – 5,1 пайыз, Тәжікстанда — 1,8 пайыз, Қазақстанда – 0,6 пайыз, Түркіменстан – 0,2 пайыз.