Құрманбай Ашетов – сегізінші мәрте ел чемпионы
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 12 – 13 желтоқсан аралығында тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Пандемияға байланысты биылғы турнир онлайн түрде ұйымдастырылды.
Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Құрманбай Ашетов 42 қатысушының арасынан үздік атанып, өзінің ардагерлер арасындағы 8-ші алтын медальін еншіледі.
Әйелдер арасында №1 МБЖСМ жаттықтырушысы Айнагүл Сүлейменова үздік үштіктен көрінді.