Исатай ауданында 1 736 адам жұмысқа орналастырылды
Жыл басынан бері Исатай ауданында 1 797 адам жұмыс ізеп хабарласып, оның ішінде 1 736 адам жұмысқа орналастырылған. Атырау облыстық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты.
⠀
– Қазіргі уақытта Истай ауданында ресми жұмыссыздар саны – 648. Ал жыл басынан бері 1 736 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 63 адам қайта даярлау біліктілігін арттыру курстарын оқыды. 700-ден аса адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 43 адам әлеуметтік жұмысқа, 71 адам жастар тәжірбиесіне жіберілді, – деді аудан әкімі.
⠀
Бұдан бөлек, Марат Мурзиев «2020 –2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 800-ден аса адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
⠀
– Бүгінде «2020 – 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларға бастапқы кезде 781 адамды жұмыспен қамту көзделгенмен, 853 адамды жұмыспен қамтыдық, – деді Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев