Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Қазақстандық «Ұлы дала зары» фильмі жылдың басты киножүлдесі – голливудтық «Оскарға» ұсынылған.
Картина «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша конкурстың лонг-листінеғ яғни үміткерлердің ұзақ тізіміне түсті.
Фильмді еліміздің Кинематографистер одағы жанындағы Қазақстанның Оскар комитеті таңдады. Қазылар алқасының құрамына Асанәлі Әшімов, Олег Борецкий, Фархат Әбдірайымов, Фархад Шәріпов, Арман Асенов, Сатыбалды Нарымбетов және Қанат Төребай сынды кино өнерінің белгілі қайраткерлері кіреді.
Фильм продюсері Ернар Мәліковтың айтуынша, биыл Қазақстаннан бірден бірнеше картина америкалық «Оскар» киножүлдесінде елді таныстыруға үміткер болған. «Ұлы дала зарына» қазылар алқасының жеті мүшесінен төртеуі дауыс берген, екеуі қарсы болған, біреуі қалыс қалған.
«Ұлы дала зары» көркем фильмі Қазақстанның байырғы тұрғындары бастан кешкен нақты тарихи оқиғаларға негізделген. Картинада 1920 – 1930 жылдардағы ашаршылық туралы баяндалады. Ол кезде 8,5 миллионға жуық адам, яғни халқының 70 пайызы аштықтан қырылып қалған еді. 1,5 миллионнан аса адам Отанын тастап, басқа елдерге қашуға мәжбүр болған.
Картина «Шет тіліндегі ең жақсы фильм» санатындағы сыйлық үшін күреседі.