Экология департаментіндегі семинар
Кеше Атырау облысы бойынша экология департаментінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Д. Лұқпанованың қатысуымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар өткізілді. Бұл жөнінде департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Семинар барысында Д. Лұқпанова 6 қазанда Мемлекет басшысының қол қоюымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін атап өтті.
Осы заңнамаға сәйкес, қазіргі таңда 3 кодекске және 10 заңға өзгерістер енгізілдігін және оның ішінде мемлекеттік қызметшілер белгілі бір өзінің өкілетті шегінде азаматтарға жасаған қызметі үшін материалдық түрде немесе заттай сыйлықты қабылдауға толықтай тыйым салынғандығын айтты. Егер сыйлық берген жағдайда оны 7 күн ішінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсыру керектігін ескертті.
Сондай-ақ, Д. Лұқпанова мүлделер қақтығысы ұғымына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық заңнамаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес қазіргі таңда, жақын туыстар атап айтқанда, жұбайы, інісі, ағасы немесе басқада бір жақын туысы бір мемлекеттік мекемеде қызмет атқара алмайтындығын түсіндірді. Егер ондай жағдай болғанда мекеме басшысына міндетті түрде хабарлау керектігі ескертілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметпен, заңды тұлғалардың құрылтайшылығында болуға тыйым салынғандығын баса айтты.