Түнде қараусыз жүрген 131 жасөспірім ұсталды
12–14 қараша күндері облыс аумағында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында полиция қызметкерлері, ұрлық қылмыстары үшін бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы сот үкімін орындаудан қашып, іздестіруде жүрген 2003 жылы туған жасөспірімді ұстады.
Үш күн бойы жүргізілген жедел шара кезінде ата-аналар тарапынан 147 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Олардың 14-і ата-аналық міндетті орындамаған, біреуі кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік сатқан және 1 жасөспірім қоғамдық орында масаң күйде жүрсе, 131 жасөспірім түн ішінде сағат, 23:00-ден кейін көшеде жүрген.
Сонымен қатар, есепте тұрған 92 жайсыз отбасы және 44 жасөспірім мекенжайлары бойынша тексерілді.
ІІО-ның профилактикалық есебіне тағы 1 жасөспірім мен 6 қолайсыз отбасы алынды.