Облыстық әкімдік 20 млн. теңгеге екі көлік сатып алды
Мемлекеттік сатып алу сайтында Атырау облысы әкімдігінің 20 миллион теңгеге екі жол талғамайтын көлік сатып алғаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Атырау жедел штабы топтарының дайындық деңгейін арттыру үшін 19 696 429 теңгеге 2 жол талғамайтын көлік сатып алынды. Көліктерді сатып алуға қаражат Атырау облыстық мәслихатының тиісті шешімімен бөлінген.
– Бюджетке қозғалтқыш көлемі 1999 текше сантиметр базалық жиынтықта Қазақстанда өндірілген KIA Sportage маркалы 2 автокөлікті сатып алуға ұсыныс енгізілді, – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Ведомствоның хабарлауынша, әкімдік өтінім берген кезде қозғалтқышының көлемі 2000 текше сантиметрден асатын және ЕЭО-ға мүше мемлекеттерде шығарылмайтын жеңіл автокөліктерді сатып алуға үш жылға тыйым салу туралы президент өкімін ескерген.