Kaspi.kz-те техникалық ақаулық
Kaspi.kz техникалық ақаулықтың салдарын жоюда.
Клиенттердің ақшасы шоттарында сақталды.
– Бүгін Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулық орын алды. Соның нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмей қалған. Қазір картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша алу мен толықтыру, ақша аудару сияқты қызметтер уақытша тоқтатылды. Компания Kaspi.kz жұмысын қалпына келтіру жолында жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі банкке кибер шабуыл жасалды деген ақпарат жалған. Ешқандай кибер шабуыл жасалған жоқ, ақаулық жөнделгеннен кейін клиенттердің ақшасы орнына қайтып келеді, – делінген банк таратқан хабарламада.