Көлік соғып қашып кеткен әйел ұсталды
25 қазан сағат 21:00 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының операторына қаладағы Сәтпаев көшесі №5 үй ауласында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері «Nissan X-Trail» автокөлік жүргізушісінің аулада тұрған «Opel Zafira» көлік құралын соққанын, салдарынан «Opel Zafira» автокөлігі соққы епкінімен ойын алаңының қоршауына соғылғаны анықталды. Алайда «Nissan X-Trail» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнына көлігін қалдырып, өзі белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Патрульдік полицейлер жол көлік оқиғасы орнын тастап кеткен жүргізуші 34 жастағы әйел адамды анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі және 611-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолдады.