Мектеп есепшілері 50 млн. теңгені жымқырған
Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы Қалыбеков атындағы орта мектептің есепшілері үш жыл ішінде 50 миллион теңгеге жуық ақшаны иемденіп алған. Бұл туралы aiqyn.kz хабарлады.
Бұл Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы аудит жүргізген кезде анықталды.
Тексеру комиссиясының төрағасы Нариман Таушовтың хабарлауынша, тексеру комиссиясымен Қ.Қалбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің бас есепшісі мен есепшісі электрондық цифрлық қолтаңбаның кілті арқылы қазынашылық-клиенттің ақпараттық жүйесін қашықтықтан басқарып пайдалануға және конфигурациялауға болатынын білген. Сол арқылы мекеменің электрондық төлем құжаттарына және «5-15A» форматындағы алушылардың ағымдағы шоттарына жалақы аудару парағына қол қою, еңбекақы үшін төлемшоты арқылы, жалпы сомасы 49 млн. 274 мың теңге көлемінде қаражатты негізсіз еңбекақыдан артық өзіне, басқалай заңсыз жолдармен осы мекеме қызметкерлері мен туыстарына аударып алғандығы анықталған.
Жинақталған материалдарды тергеу жүргізу үшін жемқорлықпен қарсы күрес қызметіне жолданды. Сот есепшілерді ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену» бойынша кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.