Әлем - 15.10.2020

Қырғызстан президенті отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы president.kg сайтында жарияланды.
– Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын, – деген Жээнбеков үндеуінде.