Әкім орынбасары мен басқарма басшысы 2 айға қамалды
Атырауда сот аймақ әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысын екі айға тұтқындау туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Сот Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровты 2 ай қамауға алу туралы шешімді мақұлдады. Олар тергеу изоляторына қамалды.
Атырау облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, оларға 80 еселенген пара мөлшерінде айыппұл салынады немесе мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.