Губернатор президентке қарсы шықты
Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирусқа қарсы күреске байланысты пікірін қолдамайтынын CNN телеарнасына берген сұқбатында ашық білдірді.
«Егер елдің денсаулығына қатер төнетінін біле тұра Трамп маған карантинді тоқтату керектігін айтып тапсырма берсе, мен оның бұйрығын орындаудан үзілді-кесілді бас тартар едім» деді губернатор.
Куомоның айтуынша, Трамптың тап мұндай диктаторлық көзқарасы кесірінен ел жікке бөліну мүмкін.
Естеріңізге салайық, АҚШ президенті жақында өткен жиындардың бірінде елдегі карантинді толықтай тоқтату өзінің құзіретінде екенін айтқан еді…
Дәл мұндай жағдай демократиялы Қазақстанда да орын алса, оқиға желісі ары қарай қалай өрбитін еді? Облыс әкімдері елдің қауіпсіздігі үшін Президентке қарсы шыға алар ма екен?