Қаңғыбастар көшеде қалды
Үйсіз-күйсіз жүрген жандарды жатын орын және азық-түлікпен қамтамасыз етіп келген Лас-Вегастағы діни ұйымдардың бірі жергілікті билік тарапынан жабылып тынды. Себебі, өткен аптада қаңғыбастардың бірінен коронавирустың белгілері анықталған еді. Бұл туралы CNN сайты хабарлады.
Дегенмен діни мекемені паналап жүрген 500-ге жуық қаңғыбасты жергілікті әкімшілік далада қалдырмайтын болды. Олар автотұрақтардың бірін «көше тұрғындарына» лайықтап, қажетті жағдайды жасап берген. Көрпе-төсегі бар арнайы орындарды дайындауға еріктілер көмектесіп отырған.
CNN жазған мақалада қаңғыбастарға жасалған қамқорлықтың әлеуметтік желіде біраз талқыға түскенін айтады. Жұртшылыққа адамдардың асфальттың үстінде жатқаны ұнамаса керек.