ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», — делінген құжатта.