Судың да сұрауы бар: жағдай тұрақты
«Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Мейірім Қалауидің айтуынша, 10 желтоқсан сағат 16.00-де Атырау қаласы мен Мақат ауданындағы тұтынушыларға су толық берілді. Сағат 19:00-де қысым қалпына келтірілді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Су тазарту қондырғыларын жөндеп, тазарту жұмыстары 9 желтоқсан күні кешке басталып, жағдай тұрақталғанға дейін үздіксіз жалғасты.
Кеше сағат 16:00-де «Атырау облысы Су Арнасы» кәсіпорнының жұмысшылары мен арнайы кәсіпорынның сүңгуірлері күрделі ауа райы жағдайында үзіліссіз жұмыс істеп, барлық су тазарту қондырғысын мұздан толық тазартты.
Қазір «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-нің су тарту құрылғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Судың құрамы тазарған сайын жүйедегі қысым артады. Мамандардың айтуынша, бұл бірнеше сағатқа созылады.
Құзырлы органдар егер су беруде қандай да бір мәселе болса, 109 жедел желісі арқылы өтінім беруге болатынын ескертеді.