Сағыз – бірінші, Мұқыр – екінші…
Миялы селосында ардагер ұстаз, білікті бапкер, «Еңбек сіңген дене шынықтыру қызметкері» төсбелгісінің иегері Жанбосынов Ақниет Жұмадінұлының атындағы волейболдан ерлер арасында аудандық турнир өтті, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали, аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали, Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Рахмет Галиахметов ардагер ұстаздың қызметтік жолы туралы орамды ой мен әріптестіс жылы лебізін жолдаса, Қызылқоға аграрлы техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Шалқар Қасымов қатысушыларға сәттілік тіледі..
Турнирде әр ауылдық округ жастарынан құралған құралған жалпы 10 команда бақ сынады.
Жарыс қорытындысында 1-орынды Сағыз ауылдық округі иеленсе, оларды топтық кезеңде жеңген Мұқыр ауылының спортшылары финалда жеңіліп, екінші орынға тұрақтады. Ал Тасшағыл ауылдық округінің волейболшылары үздік үштікті қорытындылады.
Турнир қорытындысы бойынша тасшағылдық Нұрлан Сағындықов пен мұқырлық ардагер спортшы Құспанғали Орысбаев үздік ойыншы атанды.
Жеңіске жеткен командалар кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды.