Он бес дана бекіретұқымдас балықпен ұсталды
Махамбеттік полицейлер 60 келіге жуық бекіре балығын саудаламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде Махамбет ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Lada Kalina автокөлігімен бекіре тұқымдас балықтарын саудаламақ болған күдіктіні ұстағаны айтылады.
1993 жылы туған азаматтың көлігінен 56,6 келі тартатын 15 дана бекіре балығы тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.