600 дозаға жуық есірткімен ұсталды (+ВИДЕО)
Атыраулық полицейлер 600 дозаға жуық синтектикалық есірткіні сатпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Атырау облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон синтетикалық есірткі затын аса ірі көлемде сатумен айналысқан 1999 жылы туған күдіктіні тұтқындады. Одан 175,74 грамм тартатын мефедронның 600-ге жуық дозасы тәркіленді.
Батыс Қазақстан облысынан келген күдіктінің айтуынша, одан тәркіленген есірткінің құны 4 млн теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.