Жылыойдағы мектеп пен балабақша мәселелері талқыланды
Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мектеп және балабақша директорларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Білім беру саласы – аудандағы ең ірі саланың бірі. Ауданда 20 мектеп және 24 балабақша (3-і жекеменшік) жұмыс істеп, 1 804 педагог қызмет етсе, 19 мыңға жуық оқушы білім алуда.
Аудан әкімі балалардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан шаралардың нәтижелі және мектептердің білім алушыға қолайлы болуы үшін жұмыстану қажеттігін айтты.
Кейін мектеп және балабақшы директорлары сөз сөйлеп, білім беру ұйымдарының мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Басқосуда балалардың қауіпсіздігі де сөз болды. Аудан басшысы мектептер заманауи турникетпен, бейнебақылау камераларымен қамтылып, полиция органдарының бірыңғай жүйесіне қосылу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.