Көлік қағып, қайтыс болды
Атырау–Дамбы тасжолында Toyota Hilux автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып, азамат оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 19 қараша күні сағат 18:30 шамасында Атырау–Дамбы тасжолы бойында Toyota Hilux маркалы автокөлік рұқсат етілмеген жерден өтпек болған 1974 жылғы азаматты қағып кеткен. Соның салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.