Көлік жүргізген жасөспірім камера арқылы анықталды
Атырау қаласының полиция басқармасы қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында тәулік бойы қызмет атқаруда. Оларға көшелердегі бейнекамераның көп көмек етіп жатқанын да айта кеткен жөн.
Мәселен, 25 шілде күні сағат 13:08 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері А.Құнанбаев және М.Өтемісұлы көше қиылыстары бойында күдік тудырған Ваз 2114 автокөлігін байқап, Батыс-25 қызметкерлеріне бағыттама берген.
Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушісінің көлік құралын басқару құқығы жоқ кәмелет жасына толмаған 2005 жылы туған жасөсіпірім екені анықталды. Сондай-ақ, жасөспірімнің осы әрекеті бір жыл ішінде қайталап жасағаны белгілі болды.
Қазір 17 жастағы жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі және 612-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толытырылып, ата-анасына 35 айлық есептік көрсетшік көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, көлікте болған 2004 жылы туған жолаушысына жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкмішілік хаттама жасақталды.