Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мәмин мәлімдеді.
Оның айтуынша, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
– 2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажет тағы да басқа жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, – деді Премьер-Министр.