11 күйеуін жерлеген әйел олардың өліміне күдікті
Ресейдің Армавир қаласының тұрғыны бірнеше жыл ішінде 11 күйеуін жерлеген. Оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, әйел зейнеткерлерге тұрмысқа шығып, мүлкін сатып, ақшаны өзіне алған. Ал оларды бірінен соң бірін өлтіріп отырған екен.
53 жастағы әйел әдейі жалғызбасты ер адамдарды іздеген. Артынан оған тұрмысқа шығып, зейнеткерлердің мүлкін өз атына аударған. Сөйтіп, бірнеше қалада үй мен пәтерге ие болған. Оның бұл ойын жүзеге асыруға бір жағынан қыздары көмектесіпті. Риэлтор да жоспардың орындалуына қол ұшын берген.
Шығын сомасы 21,7 миллион рубль шамасында.
Күдіктілердің 2013–2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды. Осы аралықта күдікті он бір ер адамды өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілген.