Монархияны сынаймын деп 43 жылға сотталды
Таиландта монархияны сынаған әйел 43 жылға сотталды. Бұл сол елдегі ең рекордтық мерзім.
Отыз жыл елдің салық басқармасында жұмыс істеген бұрынғы мемлекеттік қызметші король отбасын сынағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әлеуметтік желіде аудиохабарлама таратқан.
Басында Бангкок соты әйелді 87 жылға соттамақ болған. Бірақ әйелдің өз кінәсін мойындағаны ескеріліп, мерзім қысқартылып отыр.
Ол 2015–2018 жылдар аралығында сот үкімін күтіп, қамауда болған.
Бұған дейін 2017 жылы Таиландтағы рекордтық мерзім монархияны сынаған ер адамға берілді. Ол 35 жылға сотталған еді.