Олимпиада чемпионы допинг үшін спорттан шеттетілді
Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін уақытша спорттан шеттетілді. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.
Ниджат Рахимов 2016 жылы зәр талдауын алмастырды деп айыпталуда. Дәл осындай айыппен 2017 жылғы Еуропа чемпионы Думитру Каптари да спорттан уақытша шеттетілді.
Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада Ниджат Рахимов 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, 2015 жылы әлем чемпионы атанды.
27 жастағы Рахимов 2013 жылы да допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген.