Германия астанасында «Абай үйі» ашылды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен «Отандастар» қоры «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ХҚҰ-мен бірлесіп, Берлинде «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
Іс-шара аясында «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, онда Германиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Бұған дейін «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері Омбыда, Ташкентте, Стамбулда ашылған еді. Сонымен бірге, «Отандастар қоры» КЕАҚ шетелдерде «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері желісін ашуды жалғастыруда.