Дәрінің 3 айлық қоры бар
Облыстың медициналық ұйымдарында қажетті дәрілердің, оның ішінде коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жеткілікті. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Өңірдің дәріханалар желісіндегі дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынған. Бүгінде олардың біразы облыстың 164 дәріханасына жеткізілсе, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы.
– Бүгінде облыста 3 айға дейін азаймайтын қор жасақталған. Оған қоса демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық маскалар мен бір реттік қолғаптар да жеткілікті, – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.